Қазақстандағы Жаңа Конституция жобасына әлемдік бұқаралық
ақпарат құралдары сараптама ұсынып жатыр. Ірі басылымдар жаңа конституцияның елдің
билік институттарына енгізетін өзгерістерін және оның Қазақстандағы азаматтық
қоғам дамуына ықпал ету әлеуетін бағамдауға ден қойған.
Ал қырғыз басылымы Open.kg жаңа Конституция жобасын жаппай талқылау үрдісін ұлттық диалог пен азаматтық көзқарас көрінісі ретінде қарастырған. Басылым Конституция жобасын талқылауға азаматтық қоғамның белсенді араласқанына назар аударған. Сондай-ақ, жаңа жобаны заң үстемдігін күшейту және құқықтық негізді жаңарту қадамы деп бағалаған.
Әзербайжандық Caliber.Az басылымы да
Қазақстандағы референдум жайында жазып, аналитикалық мақала жариялаған. Ондағы
ойдың басты түйіні «жаңа Конституция жобасының мәні – демократиялық
реформаларды жалғастырып, ел тәуелсіздігі мен егемендігін нығайту» – дегенге
саяды.

