Түркіменстан халықаралық экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуде

Түркіменстан халықаралық экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуде

Түркіменстанда құрылыс, өнеркәсіп, химия және энергетика салаларын дамытуға арналған халықаралық конференция өтті. Жиында 56 елден келген делегаттар, мемлекеттік органдар мен ірі корпорациялардың өкілдері және сарапшылар бас қосты. Қатысушылар осы негізгі салаларға технологиялар мен инновацияларды енгізу, инвестициялар тарту мәселелерін талқылады. Ол үшін түрлі сессиялар, семинарлар мен B2B кездесулер ұйымдастырылды. Сондай-ақ, шара аясында мамандандырылған көрме қанат жайды. Оның барысында Түркіменстан, Жапония, Германия, Қытай және БАӘ түрлі компанияларымен ынтымақтастық туралы бірқатар меморандумға қол қойды.


Елена Козлова, Рязань қ. экспорт орталығының маманы:


- Біз мұнда құрылыс материалдарын өндіретін 5 компанияның өнімдерін ұысынып отырмыз. Түрікменстан нарығының әлеуеті жоғары. Сондықтан осы көрмеге желдету жабдықтары, оқшаулау материалдары және жұмсақ шатырлар сынды құрылысқа қажетті өнімдерімізді алып келдік.


Жен Хао, «Wuhuan Engineering» компаниясының өкілі, Қытай:

- Біз тыңайтқыштар өндірісімен айналысамыз. Біздің химия зауыттарын жобалау мен дамытуға қатысты тәжірибеміз мол. Сондықтан Түркіменстан Үкіметімен осы бағытта ынтымақтастық орнатуға ниет танытып отырмыз. Бұл біздің елдеріміз арасындағы қарым-қатынастың дамуына ықпал ететін болады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?