Қарыз толығымен бюджет тапшылығын қаржыландыруға бағытталады. Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және Даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды. Мәжілісте баяндама жасаған Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, қаражат республикалық бюджетте көзделген әлеуметтік және басқа да басымды мақсаттарға арналған қаржыны қоса алғанда жалпы бюджет шығыстарын қолдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар министр несие шарттары оңтайлы екенін атап өтті. Қарыз 11 жылдан аса уақытқа беріліп отыр. Ал пайыздық мөлшерлемесі 2,5% аспайды.