Қазақстанда дүниежүзілік сауда ұйымының бастамасы іске қосылды

Қазақстанда дүниежүзілік сауда ұйымының бастамасы іске қосылды

Астана Орталық Азияның сауда орталығы ретіндегі өз позициясын нығайтуда. Елордада Дүниежүзілік сауда ұйымының жаңа бастамасы - Kazakhstan Central Asia Program бағдарламасы іске қосылды. Ол өңір елдерінің сауда саясатын дамытуға бағытталған. Бағдарлама аясында аймақ елдері осы бағытта тәжірибе алмасып, ортақ ұстанымдар мен нақты шешімдер әзірлей алады. Қазақстан бұрынғыдай тек сырттан көмек алушы емес, енді тәжірибе бөлісетін, өзге елдерге де қолдау көрсететін өңірлік орталыққа айналып келеді. Бағдарламаны іске қосу аясында Астанада Дүниежүзілік сауда ұйымының алғашқы өңірлік семинары басталды. Іс-шара елімізбен қатар, Әзірбайжан, Қырғызстан, Түрікменстан және басқа да елдердің 50-ге жуық мемлекеттік органдарының өкілдерін, сондай-ақ сауда саясаты саласындағы жетекші халықаралық сарапшылардың басын қосты.  

Қайрат Төребаев, ҚР Дүниежүзілік сауда ұйымы мен халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі:

- Мен бағдарлама сәтті жүзеге асатынына сенімдімін. Әлемде мұндай бағдарламалар санаулы елдерде ғана бар - Еуропалық одақта, Қытайда және енді Қазақстанда да өз бағдарламасы пайда болды. Ол елдің жалпы Орталық Азияның мемлекеттік қызметшілерін қолдаудың тиімді тетігі болмақ. Осылайша, біз іс жүзінде, заң жүзінде де сауда дипломаттары үшін құзырет орталығына айналып келеміз.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?