Астанада Қытайдың жібек өнеріне арналған көрме ашылды

Астанада Қытайдың жібек өнеріне арналған көрме ашылды

Астанада Қытайдың жібек өнерін танытатын 100-ге тарта бірегей экспонат ұсынылды. Экспозиция ежелгі қолөнер дәстүрлерінен бастап қазіргі заманғы көркемдік бағыттарға дейінгі Аспан асты елінің бай мәдени мұрасынан сыр шертеді. Елорда төрінен орын тепкен көрмеде тек жібек маталар, кесте және ұлттық киім үлгілерімен қатар, көздің жауын алатын сәндік-қолданбалы әшекей бұйымдарын, сондай-ақ сирек кездесетін археологиялық жәдігерлерді де тамашалауға болады. Осылайша, астаналықтар мен қала қонақтары Ұлы жібек жолындағы мәдени алмасу мен жібек шаруашылығының тарихына үңіле алады. Қазақстан мен Қытай мұражайларының 5 жылдық ынтымақтастығы аясында қолға алынған жоба екі ел арасындағы мәдени диалогты нығайтуға бағытталған.

Берік Әбдіғалиұлы, ҚР Ұлттық музейінің директоры:

- Бұл көрменің ерекшелігі, былтыр біз жібектің қалай жасалуы және оның ертеден қазірге дейін дамуын көрсек, біз бұл жолы жібектен бөлек, сол Жібек жолындағы басқа да өңірлердің, соның ішінде Тұрпан қаласының қызықты заттарын көрсетіп жатырмыз. Бұл да біздің осы, жалпы, Жібек жолын насихаттауға, оның тарихын зерттеуге ортақ жобамыз болып есептеледі.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?