Аваза қаласында шетелдік қонақтар Түрікмен ұлттық би өнерімен және ежелгі
фольклорымен танысты. Каспий теңізінің жағалауындағы шаһар үш күн бойы елдің
түкпір-түкпірінен ғана емес, сонымен қатар Тәжікстан, Өзбекстан, Иран және
Үндістаннан шығармашылық ұжымдарын қабылдады. Әртістер ежелгі хореографиялық
композициялар ұсынып, халық әндерін орындады. Өнер ұжымдарының «Куштдепди» биін
бірге орындауы фестиваль көрермендері мен қонақтарын ерекше әсерге бөледі. Айта
кетейік, туынды 2017 жылы ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы
тізіміне енгізілген. Халықаралық фестиваль әлем халықтарының мәдени мұрасын
зерттеуге, халықтар арасындағы мәдени байланыстарды дамытуға және нығайтуға
бағытталған.
Зилола Багирова, Өзбекстан өкілі:
- Біз өзіміздің «Лязги», Бұхар, Андижан, Ташкент өңірлерінің дәстүрлі билерін
ұсындық. Яғни би арқылы өз мәдениетімізді танытамыз.
Муштари Насруллоева, Тәжікстан өкілі:
- Мен сіздердің елдеріңізе болғаныма өте қуаныштымын. Ол өте әдемі. Сапарым
мен тәжірибемнің өмірімдегі ең кереметтердің бірі болатынына сенемін. Мұндағы
адамдар өте мейірімді және қонақжай екен.
Винит Рагхаванши, Үндістан өкілі:
- Иран, Өзбекстан және Түрікменстан сияқты әртүрлі елдерден келген көптеген
талантты әртістердің арасында өнер көрсету - біз үшін үлкен мәртебе. Біз талантымызды
паш етуді асыға күтеміз. Мәдениетімізбен, музыкамызбен және билерімізбен
бөлісуге осындай мүмкіндік сыйлаған ұйымдастырушыларға ризашылығымызды
білдіреміз.

