Жеңіс күні қарсаңында соғыс ардагері Сұңғат Саттығұловқа жастар мен әскери қызметерлер құрмет көрсетті. Қарағандыда 102 жастағы майдангер тұратын үйдің терезесі жанында концерт ұйымдастырылды. Оқушылар соғыс жылдарындағы әндерді орындады.
Сұңғат Саттығұлов, Соғыс ардагері:
- Мектеп оқушыларына терең білім тілеймін. Жұмыс істеп жүргендер Қазақстан болашағы үшін адал еңбек етсін. Барлықтарыңызға тек жақсылық тілеймін.
Сұңғат Саттығұлов Сталинград түбіндегі шайқастарға қатысты. 1943-жылы жарақат алғанына қарамастан госпитальдан кейін майдан даласына қайта оралды. 1944-жылы Минскті азат етті. Батылдығы мен ерлігі және Отанға деген адалдығы үшін ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен, «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін» және «Сталинградты қорғағаны үшін» медальдарымен марапатталған.

