Түрікменстан қызанақ экспортын арттыруда

Түрікменстан қызанақ экспортын арттыруда

Түрікменстан қызанақ экспортының көлемін арттырып, жеткізу географиясын ұлғайтуда. Мәселен мына бір ғана шаруа қожалығы өз өнімдерін Қазақстан, Қырғызстан, Ауғанстан, Тәжікстан, Ресей, Беларусь, БАӘ және Венгрия нарықтарына жөнелтеді. Экспорттың жалпы көлемі - 24 мың тоннадан асады. Мұнда жыл сайын қызанақтың 40-тан астам сорты сынақтан өткізіледі. Тек екі жылдық саралаудан кейін ғана іріктелген жоғары сапалы өнім сыртқы нарыққа шығады.

Шыхмырат Палванов, сапаны бақылау жөніндегі маман:

- Бізде озық үлгідегі таразы, қызанақтың көлемін тексеру, дәмін тату мен өнімнің қалыпты температурасын сақтау, сондай-ақ экспорттау кезінде шетелге тасымалдайтын көліктің сыйымдылығын және ондағы температураны автоматты бақылайтын арнайы құрылғылар бар.

Жылыжай кешенінде жыл он екі ай қызанақ өсірудің озық технологиялары мен тың биологиялық әдістер қолданылады. Толықтай автоматтандырылған жүйе өнімділікті арттыруға жағдай жасайды. Ал, қызанақты тозаңдату үшін арнайы бал аралары пайдаланылады. Бұл анағұрлым құнарлы әрі сапалы өнім алуға мүмкіндік береді.

Сохбет Ниязов, Шаруашылық-қоғамдық кәсіпорын директорының орынбасары:

- Біздің қазіргі жылдық қуатымыз 66 мың тоннаны құрайды. Бүгінгі таңда өнімдерімізді негізінен Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы сатып алады. Біздің жылыжай Түркіменстанда бірінші болып GlobalGap сертификатын алды. Бұл құжат еуропалық елдермен ынтымақтастық үшін үлкен мүмкіндіктер ашады.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?