28 млрд доллар. Өткен жылы Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі осындай. Көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда шамамен 18%-ке артық. Сондай-ақ бұл соңғы 10 жылдағы болмаған деңгей. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. Республикаға тартылған инвестициялар көлемі бойынша Нидерланды көш бастап тұр. Кейін АҚШ, Швейцария, Бельгия, Ресей, Оңтүстік Корея, Қытай, Франция, Ұлыбритания және Германия келеді. Инвестициялардың ең көп бөлігі тау-кен өнеркәсібіне тиесілі. Сонымен қатар өңдеу өнеркәсібі, көтерме және бөлшек сауда, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет, көлік және қоймалау, құрылыс салаларына қаржы тартылды.