Түрікменстан құрылыс материалдары экспортының географиясын кеңейтуде

Түрікменстан құрылыс материалдары экспортының географиясын кеңейтуде

Түрікменстанда құрылыс материалдары индустриясы қарқын алды. Бүгінде ел төл өнімдерін өткізу көкжиегін кеңейтуде. Мәселен, жақында жергілікті зауыта шығарылаттын гипсокартон Грузия нарығына жөнелтілетін болады. Бұған дейін кәсіпорын ТМД және Орталық Азия елдерінің нарықтарын игерген болатын. 10 жылдан астам тарихы бар өндіріс ошағы бүгінде құрылыс материалдарының 160-тан астам түрін жасайды.  Олардың ішінде гипсокартон ғана емес, құрғақ қоспалар, сылақтар, профильді жүйелер мен аспалы төбелер бар. Мұнда әзірленетін барлық өнім міндетті түрде кәсіпорын зертханасында  сапа сынағынан өтеді. Жоғары стандарттар халықаралық талаптарға жауап береді.

Гозель Чарыева, Гипсокартон өндіретін зауыттың экспорттық бөлімінің бастығы:

- Біз өңірде гипсокартонынан бірегей аспалы төбелер жасайтын алғашқы кәсіпорынбыз. Бірнеше жыл ішінде Қырғызстан, Өзбекстан, Ауғанстан, Армения, Грузия және Әзірбайжан елдеріне экспортталатын өнім көлемін ұлғайттық. Біздің мақсатымыз - шетелдік нарықта жоғары сапалы өнім шығарып, тапсырыс көлемін еселеу. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?