Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше елдердің өзара көрсетілетін түрлі қызметтерінің еркін сауда аймағын қалыптастыру. Мәжіліс осыны көздейтін келісімді қабылдады. Мәселен, былтыр республикамыздың ТМД елдерімен көрсетілетін қызметтерінің саудасы 3,2 млрд доллардан асқан. Оның жартысы экспорттық қызметтің үлесіне тиіп, қалғаны сәйкесінше импорттың еншісінде болды. Сонымен қатар, құжат тараптардың қолайлы инвестициялық ахуалын құруға бағытталған. Сондай-ақ, іскерлік, көлік, телекоммуникациялық, экологиялық, қаржылық және білім беру, құрылыс және туризм сияқты қызмет салаларында кепілдік береді.
Арман Шаққалиев, ҚР Сауда және интеграция министрі:
- Келісімде халықаралық тәжірибеге сәйкес, инвесторлардың мүддесін қорғаудың жоғары деңгейі көзделген. ТМД елдерінен Қазақстан Республикасына тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны өткен жылы 9 айда 2,8 млрд долларды құрады. Құжатқа Қазақстанның мемлекеттік сатып алу, жер мәселелері, жер қойнауын пайдалану, табиғи монополиялар, жаңартылатын энергия көздерін реттеу сияқты мәселелер жатпайды.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов

