Жыл басынан еліміздің сыртқы сауда айналымының өсімі 40%-ке жуықтады. Алыс-беріс артып, сыртқы сауданың көлемі 63,7 милиард доларға жетті. Бұл ретте экспорттың қарқын ала түскені байқалады. Өткен жарты жылда шекара асқан отандық өнімдер көлемі бірден 56%-ке ұлғайып, 42 миллиардтан астам доларға сатылған. Өңделген қазақстандық тауарлар үлесіде әлдеқайда артып, өсім 33 жарым проценттен асып жығылған. Еліміздің негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі де аз емес. Былтырдың сәйкес мерзімінен төрт жарым пайызға көбірек құқйылған. Жалпы қаңтар-шілде аралығындағы ел экономикасы 3,3% өсім көрсеті. Іскерлік белсенділік жанданып, нақты сектор қарқын ала түскен. Бұл Үкімет отырысында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде баяндаған Ұлттық экономика министрі келтірген деректер.
Әлібек Қуантыров, ҚР Ұлттық экономика министрі:
– Нақты сектордағы өсім – 3,4 процент, қызмет көрсету саласында іскерлік белсенділік – 2,5 процентке дейін ұлғайды. Салалар арасында құрылыс, ақпарат және байланыс, сауда, көлік және қоймалау, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, тау-кен өндіру өнеркәсібі оң өсім көрсетудеі.