Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету - Қазақстан Үкіметі жұмысының стратегиялық бағыттарының бірі. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, бүгінгі таңда ішкі нарық ұнмен, картоппен, күрішпен, макаронмен, қой етімен, сиыр етімен және басқа да қажетті тауарлармен толық қамтамасыз етілген. Бұдан бөлек жылқы еті, қарақұмық, қырыққабат және басқа да өнімдермен 80% қамтамасыз етеді. Бұл ретте бейінді ведомство импортты алмастыру бойынша жоспарлы түрде жұмыс жүргізуде. Бұған жаңа инвестициялық жобалар да сеп болмақ. 2027 жылға қарай 2,3 трлн теңгеге олардың 780-ін іске асыру жоспарланып отыр. Оның ішінде 170-і толығымен азық-түлік өнімдерінің импортын алмастыруға бағытталған.
Авторы: Әсел Күшенғалиева

