Brent маркалы мұнайдың бағасы 11 ақпаннан бері алғаш рет барреліне 62 доллардан төмендеді. Қара алтынның әлемдік бағамы 9% дейін құлдыраған. Бұл туралы сауда-саттық қорытындыларында мәлім болды.
Сарапшылардың пікірінше, мұнайдың құны әлемдік нарыққа енгізілген түзетуден кейін төмендеген. Ал бағаның 50-60 доллар шамасында тұрақталуы екінші жартыжылдықта, яғни ОПЕК+ өндірісті ұлғайта бастаған сәтте байқалуы мүмкін.
Еске сала кетейік, наурызда өткен кездесу кезінде ОПЕК+ барлық ел үшін мұнай өндірудің ағымдағы деңгейін ұстап тұру туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар Қазақстан үшін өндірісті тәулігіне 20 мың баррельге дейін көбейту келісілді.
Ал ОПЕК+ министрлер мониторингі комитетінің келесі кездесуі 31 наурызда, ОПЕК+ альянсының отырысы аясында 1 сәуірде өтеді.
Авторы: Әсел Күшенғалиева