Мәселен, биыл қаңтар-наурыз айларында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда осы дәлізден өткен жүк көлемі 64%-ке жуық ұлғайып, 433 мың тоннадан асты. Оның ішінде 4 мыңнан артық контейнер бар. Бұл ретте қазақстандық экспорттың үлесі басым. Оның мөлшері 3 есеге жуық өскен. Ал импорттық тасымалдар 22% артты. Бүгінгі таңда елімізден түсті металдар, ферроқорытпалар, жасымық, астық жүктері тиелуде. Қытайдан біздің ел аумағын асып томат пастасы, химикаттар мен жабдықтар транзитпен Оңтүстік Еуропа мен Түркияға жеткізіліп жатыр.
Еске салайық, дәліздің еліміздегі «Достық-Мойынты» учаскесінде екінші темір жолдарын, Ақтау портында жаңа контейнерлік хаб пен Алматы станциясының айналма желісін салу сынды ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру халықаралық бағдардың өткізу қабілетін айтарлықтай арттыруға ықпал етті.