Қазақстан Президенті Sunwah Group корпорациясының төрағасын қабылдады

Қазақстан Президенті Sunwah Group корпорациясының төрағасын қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Sunwah Group корпорациясының төрағасы Цай Гуаньшэньмен кездесті. Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан шетелден инвестиция тартуға жағдай жасап, бірлескен стратегиялық жобаларға жан-жақты қолдау көрсетеді. Президент әлем жасанды интеллектінің белсенді даму кезеңіне қадам басқанын атап өтті. Бұл бағытта Қытай көш бастап тұр. Мемлекет басшысы бұл салада ынтымақтастықты дамытуға ниет білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Қытаймен арадағы мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық серіктестікті белсенді дамытуға айрықша маңыз артатынын атап өтті. Өз кезегінде Цай Гуаньшэнь қонақжайлық танытқаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты. Ол Қазақстанның қаржы секторындағы тартымды әрі сенімді инвестициялық юрисдикциясын жоғары бағалады. Корпорация басшысының айтуынша, бұған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Төраға Си Цзиньпин тарапынан көрсетілген жүйелі қолдау оң септігін тигізіп отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Қытай Халық Республикасы мен Қазақстанның сауда-экономикалық байланысы туралы айтсақ, оның көлемі екіжақты сауда негізінде табысты дамып келеді. Қытай Қазақстанның сауда-экономикалық серіктестері арасында бірінші орында тұр, сәйкесінше, инвестициялық әріптестікті дамытудың маңызы зор.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?