Ауыл шаруашылығы министрлігінде егін жинау науқанының қорытындысы шығарылды. Бейінді ведомствоның мәліметінше, ауа райының қолайсыздығына қарамастан, қазақстандық аграршылар 16 млн 400 мың тонна астық жинады. Орташа өнімділік гектарына 10,3 центнерді құрайды. Сарапшылардың пікірінше, бұл ішкі нарықты толық қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ экспортқа жөнелту үшін де жеткілікті. Мамандар атап өткендей, астық сапасы жоғары деңгейде. Жиналған бидайдың барлығы дерлік азық-түліктік. Бидайдың 90,5% астамы 1-3 сыныптарға жатқызылған. Сондай-ақ құрамында глютен мөлшері жоғары астық үлесінің айтарлықтай өсуі байқалады. Биыл қара бидай, жүгері, бұршақ дақылдары мен қарақұмықтан жиналған көлем едіәуір өскен. Соңғысының өнімі 80 мың тоннадан асты, бұл 2020 жылғы деңгейден 76% артық.
Авторы: Гүлбану Тәжібек