Бұл туралы еліміздің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады. Тараптар сауда және инвестиция саласындағы әріптестік, автомобиль, электроника және электротехника саласындағы тәжірибе алмасу, жасыл технологиялар саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, ақпараттық технологиялар мен электроника саласындағы стартаптарды дамыту мәселелерін қарастыруға ниетті.
Сондай-ақ жиын барысында өзара іс-қимыл мәселелері де талқыналады деп күтілуде.