Сауда келешегі: Астанада қазақ экспорттаушыларының форумы өтеді

Сауда келешегі: Астанада қазақ экспорттаушыларының форумы өтеді

Қазақстан жаһандық маркетплейстерге белсенді еніп келеді. Биыл ұлттық павильондар қытайлық Alibaba және JD.com. платформаларында өз жұмысын бастайды. Онда отандық өндірушілердің тауарларынан бастап, IT-қызметтерге дейін орналастырылады. «Qaz Trade» экспорттық акселерация және оқыту тобы жетекшісінің айтуынша, жақын арада таяу шығыстағы платформаларда - оның ішінде Алматы мен Дубайда тіркелген қазақстандық стартаптар арқылы да осындай жобалар іске қосылады. Сонымен қатар, офлайн-сату мен көрмелер арқылы отандық брендтерді ілгерілету жұмыстары жүргізіледі. Мысалы, Қытай мен Біріккен Араб Әмірліктерінде сауда үйлері жұмыс істеп тұр. Мәскеудегі Халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесінде жаңа павильонды іске қосу жоспарланып отыр. Ал Қарағандыда жүк пен авиатасымалды шоғырландыру мүмкіндігі бар логистикалық хаб құрылуда. Қазақстандық экспорттаушыларға ұсынылатын жаңа мүмкіндіктер туралы Астанада мамандандырылған форумда егжей-тегжейлі айтылады. Ол осы аптада өз жұмысын бастайды. Онда отандық өндірушілер көрмесі де ұйымдастырылады. 

Алмас Ихсанов, «Qaz Trade» АҚ экспорттық акселерациялау және оқыту тобының жетекшісі: 

- Айта кетерлігі, тиімділікті арттыру мақсатында форум 11-13 маусым аралығында өтетін «Expo Goods Central Asia» көрмесімен қатар өткізіледі. Бұл алаңға біз отандық бизнесті де, шетелдік серіктестерді де тартамыз. Ауқымды іс-шараға шетелдік әріптестерден басқа ірі ритейлерлердің өкілдері де қатысады. Біздің тауар өндірушілеріміз шетелдік серіктестермен сенімді байланыс орната алады. Оның ішінде экспортқа бағдарланған жобаларды іске асыру арқылы экспортты дамытуға елеулі үлес қосады. 

Жалпы, Қазақстан өңделген өнімді сыртқы нарықтарға шығару бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Мәселен, 2024 жылы олардың экспорты 12% -ға ұлғайып, 28 млрд. доллардан асты. Негізгі бағыттардың қатарында Ресей, Қытай, Германия, Өзбекстан және Түркия елдері бар. Сонымен қатар, Африка және Оңтүстік-Шығыс Азия нарықтарын игеру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?