Қазақстандық әуежайлар жолаушылардың рекордтық санына қызмет көрсетті

Қазақстандық әуежайлар жолаушылардың рекордтық санына қызмет көрсетті

Қазақстан әуежайлары 2024 жылдың бірінші жартысында 11 млн-нан астам жолаушыға қызмет көрсетті. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 21,5% артық. Көрсеткіштің еселенуіне халықаралық рейстер географиясының 132 бағыт бойынша 33 елге дейін кеңеюі әсер етті, - дейді Көлік министрлігі. Жолаушылар ағыны да айтарлықтай артқан. Ол шамамен 7 млн адамға жетті. Ішкі тасымалды алты әуе компаниясы жүзеге асырады. Олар аптасына 640 рейс жиілігімен 53 бағыт бойынша рейстерді орындайды.


Ләззат Стамғазиева, ҚР Көлік министрлігінің ресми өкілі:


- Әлеуметтік маңызы бар бағыттардың көлікке деген қолжетімділігі және ішкі туризмді дамыту үшін еліміздің 9 өңірінде 19 ішкі әуе бағыты субсидияланады. Сонымен қатар, мамыр айынан бастап Еуропалық комиссияның ұшу қауіпсіздігінің қара тізімі бойынша барлық шектеулер Қазақстаннан біржола алынып тасталды. Елеулі прогресті ескере отырып, Қазақстан мен қазақстандық тасымалдаушылардан Еуропалық одақ елдеріне ұшуға қойылған барлық шектеулер алынды. Сонымен қатар, биылғы жартыжылдықта Қазақстан мен Өзбекстанның әуе кеңістігі арқылы өтетін жаңа Т-916 әуе бағыты ашылды. Бұл – Еуропа мен Оңтүстік-Шығыс Азия арасын жалғайтын қосымша бағыттардың бірі. Бұл бағыт ашылғалы Еуропадан Оңтүстік-Шығыс Азияға 19 рейс орындалды.