Қасым-Жомарт
Тоқаевқа Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов отандық спорт саласын
кешенді реформалау жөнінде баяндады. Мемлекет басшысына балалар мен
жасөспірімдер спортын дамыту, төрешілер мен мамандар біліктілігін арттыру,
легионер санын азайту бағытында атқарылған жұмыстар туралы есеп берілді.
Ведомство басшысы салаға вертикалды басқару жүйесін енгізу шаралары басталғанын
және «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңға түзетулер әзірленіп жатқанын, спорт
инфрақұрылымдарын жетілдіру үшін жүйелі жұмыс жүргізілгенін хабарлады. Ал, туристік
әлеуетті арттыру мақсатында Neo Nomad Visa жобасы іске қосылды. Алматы тау
кластерін, Маңғыстау және Бурабай курорты аймақтарында жағажай туризмін дамыту
жөнінде кешенді жоспар әзірленуде. Кездесу соңында Президент министрге саланы
одан әрі жетілдіру жөнінде міндеттер қойды.
Авторы: Әсел Күшенғалиева

