Парламент ТМД елдері арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған құжатты қабылдады. Жаңа заң жобасы кедендік рәсімдеу мен бақылау тәртібін оңайлатуға мүмкіндік береді, жүктердің өту процесін жеделдетеді және жалпы алғанда ТМД-ға қатысушы елдердің кеден бекеттеріндегі тауарларды бақылауға кететін уақытты қысқартады.
Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді. Оның айтуынша, құжат ТМД-да тауарлардың шығарылған елін анықтаудың бірыңғай ережелерін белгілейді. Ал оны ратификациялау, ең алдымен, мемлекеттік бюджеттен қандай да бір қаржы шығындарын талап етпей, ТМД-ға қатысушы мемлекеттер арасында ынтымақтастықты кеңейтуге және тереңдетуге, ықпалдасуға және өзара көмек көрсетуге мүмкіндік береді.