Әлемде белең алған геосаяси
жағдайларда толерантылықты сақтау маңызды. Барлық деңгейлерде түсіністік пен
төзімділік тұрақтылықтың кепілі. Дін саяси құралға айналмауы тиіс. Бұл туралы «Silk
Way» арнасына берген эксклюзивті сұхбатында Ватиканның дінаралық диалог бойынша
папалық Кеңесінің ислам мәселелері жөніндегі бюросының басшысы мәлімдеді. Халед
Акаше адамның сенімін зорлық-зомбылық пен теріс әрекеттер жасауға
пайдаланылмауы керек. Сонымен қатар, әңгіме барысында Папа кеңесінің өкілі
дінаралық диалогтың маңыздылығын атап өтті. Бұл ретте Қазақстан Әлемдік және
дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездерін өткізу арқылы жаһандық келісім алаңын
ұсынады.
Халед Акаше, Ватиканның дінаралық
диалог бойынша папалық кеңесінің ислам мәселелері жөніндегі бюросының басшыс:
- Шіркеу дінді саяси мақсаттарға
жету құлал ретінде пайдалану қажет емес деп үнемі айтады. Өкінішке орай кейбіреулері бұны түсінбейтін
сыңайлы. Кейбір адамдар діни немесе
этникалық топтардағы зорлық-зомбылықты немесе кемсітушілікті ақтау үшін дінді
жамылады. Бірақ мәселені шешу дінді шетке жылжыту емес, оның қоғамда өз орнын
алуына мүмкіндік беру. Мен дін туралы сауатымызды ашу, және сонымен бірге басқа
адамдардың діни көзқарастарына, олардың дінді таңдау немесе оны мүлдем ұстанбауына
құрметпен қарау, сондай-ақ әр адам мен қоғамның игілігі үшін ынтымақтастық құру
әрқашан дұрыс болатынын тағыда қайталап айтқым келеді.