Теміржолмен Қазақстан арқылы транзиттік жүк көлемі 100 млн тоннаға дейін жетеді

Теміржолмен Қазақстан арқылы транзиттік жүк көлемі 100 млн тоннаға дейін жетеді

2035 жылға қарай теміржолмен Қазақстан арқылы транзиттік жүк көлемі 100 млн тоннаға дейін жетеді. Бұны халықаралық сарапшылар болжап отыр.  Бұл туралы үкімет отырысында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлім етті. Оның дерегінше, соңғы 10 жылда транзит көлемі екі есе өсіп, былтыр 27 млн тоннадан асқан. Биыл осы көрсеткішті 33 млн тоннаға жеткізу межеленген. Бүгінде ел арқылы 5 халықаралық теміржол дәлізі өтеді. Сондай-ақ, жүзеге асырылып жатқан негізгі шешімдердің бірі – тасымалдарды автоматтандыру платформасы. Ол вагондарды басқарады, жүктемені жоспарлап, болжам жасайды. Аталған жүйе бос жүрісті азайтып, вагон айналымын арттырмақ.

Нұрлан Сауранбаев, ҚР Көлік министрі:

- ТМТМ бағытында өткізу мерзімі 53 күннен 17 күнге дейін қысқарды. Соңғы 3 жылда тарифтер тұрақты және 2023 жылдан бастап өзгеріссіз қалуда. Сервисті жақсарту мақсатында цифрлық технологиялар енгізілуде. Рәсімдеу уақыты 8 сағаттан 30 минутқа дейін қысқарды және пойыздар қозғалысын онлайн түрде көріп, «кедергісіз» транзит қамтамасыз етіледі. Алдағы уақытта, ТМТМ бағытын дамыту үшін Үкіметаралық келісім шартын дайындау бойынша жұмыс басталды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?