Қазақстанда теміржол саласындағы бірқатар нысан
мемлекеттің меншігіне қайтарылады. Бұл жөнінде елдің Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен
өткен экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысында белгілі
болды. Жақында оларды бәсекеге қабілетті
ортаға беру туралы мәміле сот тарапынан жарамсыз деп танылған. Атап айтқанда,
сеніп тапсырылған мүлікті ысырап ету фактілері анықталды. Бұл нысандарды тергеу
органдары түпкілікті процессуалдық шешім қабылданғанша қазақстанның темір жол
басқармасына бере отырып, активтерге тыйым салды. Премьер-министр еліміздің өзгеде
өңірлерінде осы текті нысандар бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды. Бұл ретте, тиісті
кәсіпорындар қызметкерлерінің барлық технологиялық процесі мен қызметін
сақтаудың маңызын атап өтті. Сонымен қатар, мемлекет меншігіне денсаулық сақтау
саласындағы ұйым қайтарылуы мүмкін. Нысаның басқару тиімділігіне тексеру
жүргізу үшін ведомствоаралық комиссия құрылады. Оның нәтижелері бойынша шартты
бұзу және активті мемлекет меншігіне қайтаруға қатысты нақты шешім қабылданатын
болады.