Ұлыбританияда коронавирустың соңғы шектеулері жойылады

Ұлыбританияда коронавирустың соңғы шектеулері жойылады

Ұлыбританияда коронавирусқа қарсы соңғы шектеу шаралары алынып тасталады. Осылайша 24 ақпаннан бастап елде коронавируспен ауыратын науқастар және олармен қарым-қатынаста болғандар үшін міндетті оқшаулау шаралары жойылады. Сондай-ақ 1 сәуірде азаматтарды жаппай тестілеу де аяқталады. Тегін ПТР-тестпен халықтың белгілі бір бөлігі ғана қамтамасыз етіледі. Науқастарды бақылау қызметі де өз жұмысын тоқтатпақ.

Еске сала кетейік, қаңтар айының соңында Біріккен Корольдік бетперде кию, оқшаулану, үйде жұмыс істеу, сондай-ақ вакциналау анықтамасы секілді талаптарды алып тастады.