Халықаралық бақылаушылар: референдум ашық, еркін және заңды өтті

Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша референдум ашық, еркін және заңды өтті. Ел үшін аса маңызды шешімде азаматтар жоғары белсенділік танытты.  Әсіресе жастардың қарасы қалың болды. Халықаралық байқаушыларғаақпараттық жәрдемдесу орталығында өткен баспасөз маслихатында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес миссиясының мүшелері осыдай деп мәлімдеді. Беделді ұйым өкілдерінің айтуынша, дауыс беруучаскілерінде барлық үрдісті кірпік қақпай қадалауына жағдай жасалды. Референдумда қоғамдық ұйымдардың, халықаралық бақылаушылардың қатысуы және пікірін білдіруіне еш кедергі болмады. Сонымен қатар, БАҚ-тың барлық референдум үдерісін жедел және кеңінен жариялауының арқасында қазақстандықтар оны өткізу жөнінде толық ақпарат алды. Сондай-ақ, Түркі мемлекеттері ұйымының бақылаушылар миссиясы басшысының пікірінше, азаматтардыңқұқықтары толық сақталған. Сади Джафаров референдум Қазақстанның ұлттық заңнамасына сәйкес және халықаралық міндеттемелер менталаптар шеңберінде өткенін тілге тиек етті.

Сұлтан Әмірханов, СВМДА хатшысының заң кеңесшісі:

– Қазақстанның Республика үшін неғұрлым маңызды энергетикалық, экологиялық мәселелерді шешу жолындағы қоғамды тарту тәсілдері үлкен әсер қалдырды. Әсіресе өткізілген инфрақұрылымдық және ақпараттық дайындықты атап өткім келеді. Атап айтқанда бұл – азаматтарға алдағы референдум туралы хабарлаған жаңалықтар, бұқаралық ақпарат құралдарынан бастап, сондай-ақ инфрақұрылымдық дайындық, соның ішінде Астана қаласындағы банерлер, референдум туралы хабарлаған автобустардағы жапсырмалар.

Сади Джафаров, Түркі мемлекеттері ұйымынан бақылаушылар миссиясының басшысы:

– Біз осы стратегиялық мәселе бойынша Қазақстан Республикасында референдум өткізу үдерісін оң бағалаймыз. Біздің басты миссиямыз негізінен Астана қаласындағы учаскелерді бақылау болды. Олардың саны 24. Жалпы, процесс еркін түрде өтті. Барлық қажетті ақпарат сайлау орындарында берілді. Біз өз миссиямыздың шеңберінде ешқандай заңсыз актілерді кездестірген жоқпыз.