Жобаны Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бірлесіп әзірледі. jerkarta.gharysh.kz геосервисінде бұған дейін игерілмеген, заңсыз беріліп, мемлекетке қайтарылған учаскелер туралы барлық ақпарат орналастырылған. Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша тұрғындар жер учаскесін алу үшін жергілікті атқарушы органдарға өтініш бере алады. Бұл жылдар бойы пайдаланылмаған ауылшаруашылық жерлерін айналымға тартуға, сондай-ақ тұрғындарды ауыл шаруашылығы үшін қажетті алаңдармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.