Қазақстан-Эстония бизнес форумында жалпы құны 517 млн доллардан асатын 11
коммерциялық құжатқа қол қойылды. Көлік-логистика, цифрландыру, ауыл
шаруашылығы, өнеркәсіп, қаржы және білім беру салалары өзара тиімді
серіктестіктің әлеуетті бағыттары. Жиында Мемлекет басшысы және Эстония
Президенті Алар Карис сөз сөйледі. Қасым-Жомарт Тоқаев қос тараптың іскерлік
топ өкілдері қатысып жатқан диалог алаңы сауда және инвестиция саласындағы
екіжақты ықпалдастықты жандандыруға септігін тигізетініне сенім білдірді. Сондай-ақ
Қазақстан Президенті елімізде эстониялық бизнестің кеңеюіне жан-жақты қолдау
білдіруге дайын екенін растады.

