Қазақстан Халқы Ассамблеясынның жұмысына жасанды инттелект енгізіледі. Бұл
жөнінде Астанада Ұйымның ғылыми - сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысында
айтылды. АІ-шешімдері деректерді талдап, зерттеулер жүргізуге көмектеспек. Ол
үшін арнайы платформа құру жоспарланған. Асамблеяның қызметін цифрландыру
аясында мұрағат құжаттары мен барлық ақпаратты сандық жүйеге келтіру көзделіп
отыр.
Эльмира Отар, ҚХА ҒСК Жас ғалымдар клубының тең төрағасы:
- 30 жыл ішінде көптеген мәліметтер, зерттеулер, нәтижелер, деректер қоры бар. Оның бәрін цифрландыру керек. Яғни, қажеттілікке қолдануға ыңғайлы қылу үшін оны биімдеу керек. Платформа құру, оның қандай деңгейде, қандай қолданыста болатынын бізге үлкен міндет қылып қойылды. Біз міндетті жүзеге асыруда жұмыс жасаймыз жұмылып.
Қатысушылар жаңа сын-қатерлер сараптамалық базаны жаңартып, күшейтуді және бұл іске жас зерттеушілерді
тартуды талап ететінін атап өтті. Ассамблея бүгінде этносаясатты зерттеудің
озық тәсілдері қолданылатын институттар құру, тілдік бағдарламалар мен медиаторлық
бастамаларды дамытуға ден қойып келеді.

