Қазақстан, Түркия және Әзірбайжан сот білімі саласында ынтымақтастық орнатады. Яғни, бауырлас елдердің бейінді оқу орындары судьяларды даярлау және ғылыми-зерттеу қызметінде бірлескен жобаларды қолға алмақшы. Бұл туралы тараптар елордада өткен жиында айтты. Кездесуде еліміздің Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы мен Әзірбайжан Бас прокуратурасының ғылыми-оқу орталығы осы мақсатта ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат сала мамандарын оқыту, тағылымдамалар ұйымдастыру мен құқық үстемдігін арттыруға бағытталған ортақ жобаларды жүзеге асыру үшін үздік тәжірибелермен алмасуға негіз болады.
Қанат Мусин, ҚР Жоғары сот кеңесі жанындағы сот төрелігі академиясының вице-ректоры:
- «Екі жақты келісім сот төрелігі академиясының халықаралық ынтымақтастығын нығайтып, Қазақстан Республикасында судьяларды даярлаудың тиімділігін арттыруға серпін береді».
Талыб Джафаров, Әзірбайжан Бас прокуратурасының ғылыми-оқу орталығының бастығы:
- «Қазақстан
Республикасының Жорғары Сот Кеңесі
жанындағы академиямен қол қойған құжат екіжақты
тиімді бастамаларды одан әрі іске асыру үшін өз септігін тигізетініне
сенімдіміз».

