«Tashkent Law Spring» IV Халықаралық заңгерлік форумы

«Tashkent Law Spring» IV Халықаралық заңгерлік форумы

Орталық Азияның құқық пен бизнес саласындағы маңызды шаралардың бірі Өзбекстанда өтті. Халықаралық заңгерлік форум аясында болашақ заңгерлер, IT мамандары мен 40 – тан астам елдің халықаралық ұйымдары мен ғылым саласы өкілдері Ташкентте бас қосты. Қатысушылар цифрлық құқық мен цифрлық дербес деректердің қорғалуы, жасанды интеллектің басқарылуы мәселелерін талқылады. Сарапшылар мұндай алаңның цифрлық болашақ пен цифрлық трансформация үшін берік іргетас құру жолындағы маңыздылығын атап өтті.


Лионель Галье, Франциядағы Нотариустар Халықаралық одағының президенті:


- «Tashkent Law Spring» форумы аясындағы кездесудің біз үшін маңызы зор. Өйткені ол әлемнің түкпір-түкпірінен келген заңгерлер мен нотариустар арасында тәжірибе алмасуға тамаша мүмкіндік береді. Цифрлық технологиялар - біз күнделікті қолданатын құралдар. Құқықтық салада олар процестерді неғұрлым дәл бақылауды және бірізділікті қамтамасыз етеді. Өзбекстан біздің одақтың мүшесі.


Кейт Картер, Жаңа дамушы технологиялар жөніндегі спикер, профессор, Сингапур:


- Біз цифрландырудың қателіктерді азайтуға және адам факторын минимумға түсіруге ықпал ете отырып, өмірдің барлық салаларын қамти алатынын көріп отырмыз. Дегенмен, бұл жай ғана құрал, сондықтан адамның осы технологияларға толығымен сүйенбей, оларды басқаруы тиіс екенін түсінуі маңызды.


Өзбекстанда мемлекеттік басқаруды жаңғыртуға және мемлекеттік қызметтерді цифрландыруға көп көңіл бөлінеді. Бұдан басқа, республикада 2030 - жылға дейінгі жасанды интеллект технологияларын дамыту стратегиясы қабылданды, сондай – ақ, онлайн-режимде жұмыс істейтін платформалар мен біріктірілген білім базалары іске қосылды.


Бобурхон Аббосов, Әділет министрлігі департаментінің жетекші кеңесшісі:


– Өзбекстан қазір құқықтық реттеу саласына, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсетуге ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізуде. Атап айтқанда, 2023 жылы зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау, сондай-ақ құқықтық қорғау жүйесі цифрландыруға өтті.

Авторы: Динара Бахытбек

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?