Таразда жас балалар театры ұжымдарының халықаралық фестивалі өтіп жатыр. Оған республиканың барлық аймағы мен Қырғызстаннан бас-аяғы 11 ұжым қатысуда. Игі шара балалар жылы аясында қолға алынды. Дода мақсаты – театр өнерін дәріптеп, талантты жас өнерпаздарды іріктеу. Фестиваль маусымның 13-і мен 18-і аралығында өтеді.
Ақылдос Тажиев, Жамбыл облыстық орыс драма театрының директоры:
– Бұл Таразда ғана алғаш рет емес бұл Қазақстанда алғаш балалар студиясының театр фестивалі деп айтсақ болады. Күніне екі-үш қойылымнан үздіксіз жүріп отырады. Тараз жұртшылығы, яғни өзіміздің облысымыздың балалары тегін көре алады. Бір апта бойы. Бұл қойылымдардың есігі ашық. Ешқандай билет сатылмайды.