Қазақстанда пилоттық ауыл шаруашылығы санағы жүргізіледі

Қазақстанда пилоттық ауыл шаруашылығы санағы жүргізіледі. Ол 20-шы тамызда басталып, қыркүйек айының соңына дейін жалғасады. Қазіргі таңда ұлттық статистика бюросы дайындық жұмыстарын пысықтап, ақпараттық жүйелер мен қызметтерді сынауға кірісті. Үкімет басшысының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сай, респонденттер санақ парақтарын оффлайн және онлайн режимінде де толтыра алады. Санақты электронды нұсқада қашықтан өз бетінше өту үшін sanaq.gov.kz мамандандырылған сайтына жүгіну қажет. Сонымен қатар, бюроның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері пилоттық жобаның аясында арнайы іріктелген еліміздің 54 елді мекенінде сауалнама жүргізеді. Жалпы төрт түлік пен үй шаруашылығындағы өзге де жануарлар мен құстарды тіркеп, статистикалық деректер жинауға 5,2 млрд теңге жұмсау жоспарланған.