Бұл күн - жазықсыз жапа шегіп, қазақты егеменді ел етеміз деп еркіндікке ұмтылғандардың ерлігін еске алу күні. Бұл күн - біздің жадымыз мәңгіге жараланған күн. Бүгін елордада өткен «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған кездесуде тарихшылар осылай дейді. Сондай-ақ олар шара барысында бүгінгі күнге дейінгі жиналған деректерімен бөлісіп, әр тарауға талдау жасады. Тарих ғылымдарының докторы Арайлым Мұсағалиеваның айтуынша, зерттеу жұмыстары жалғасын табады.
Арайлым Мұсағалиева, тарих ғылымдарының докторы:
– Көп тарихшылар әртүрлі пікірлер айтады. Жалпы 2 млнға жуық қазақ осы кезеңде аштықтың құрбаны болды. Және тағы да 1 млн ға жуық босқынға айналды. Біз оның нақты санын есептеуге әлі де уақыт кетеді деп ойлаймын. 20 ғасырдың тарихы жалпы қазақ үшін өте қасіретті болды. Кеңес үкіметінің жылдарында біз қазақтың жартысынан айырылдық.