«Тәңір аспаны астындағы оқиғалар» атты алғашқы франко-қазақстандық фестивалі өтті

«Тәңір аспаны астындағы оқиғалар» атты алғашқы франко-қазақстандық фестивалі өтті

Жер-жаһанды шарлап, әлемнің ең биік шыңдарын бағындырған қазақ-француз жиһанкездері Астана іргесіндегі Қосшы қаласында бас қосты. Екі елдің саяхатшылары «Тәңір аспаны астындағы оқиғалар» атты алғашқы франко-қазақстандық фестивальге жиналды. Онда географ-ғалымдар экологиялық зерттеулерге қатысты тың жобаларын ұсынды. Танымал альпинистер биік шыңдарды бағындыру тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ, шара аясында кинофесиваль ұйымдастырылды. Көрермендер отандық және франциялық әлемге әйгілі саяхатшылардың аса қызықты сапарларынан сыр шертетін  деректі фильмдерді тамашалады.

Ориан Аймар, альпинист, Франция:


- «Бұл менің Қазақстанға жасаған алғашқы сапарым. Бірден елдің тауларына көзім түсті. Мен мұнда тек үш-ақ күн аялдаймын. Ел аумағы өте үлкен. Аралау үшін біраз уақыт керек. Сондықтан әсем көріністерді тамашалау үшін арнайы келемін. Бұл жолы мені Франция елшілігі қазақстандық қауымға «Эверест: Құдай-Ана» филімін ұсыну үшін шақырды. Мен оның ең биік шыңын бағындырдым».


Сильван Гиоге, Францияның Қазақстандағы елшісі:

– «Алғашқы шарамыздың өзі көрермендердің үлкен қызығушылығын тудырғанын көріп отырмыз. Сондықтан бұл фестивальді жалғастырып, дәстүрге айналырамыз. Келер жолы Францияда, мүмкін қайта Қазақстанда ұйымдастырамыз. Өйткені мұндағы табиғи көріністер ешкімді бейжай қалдырмайтыны анық. Фестиваль аясында Алтай, Маңғыстау сынды елдің табиғаты әсем өзгеде аймақтарын қамтығымыз келеді».

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?