Қазақстан халқы бірлігі күні кең көлемде аталып өтті

Қазақстан халқы бірлігі күні кең көлемде аталып өтті

Елімізде Қазақстан халқы бірлігі күні кең көлемде аталып өтті. Ынтымақ мерекесінде барлық аймақтарда түрлі мәдени-спорттық шаралар ұйымдастырылды. Елордада Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай сайыскерлер «Бірлік жарысы» республикалық жаппай жүгіру додасына қатысты.


Геннадий Шиповских, ҚР Парламент Сенатының депутаты:


- Бұл жобаның жылдан жылға аясы кеңейіп, өркен жайып келеді. Дәстүрлі жарысқа астаналықтар ғана емес, жалпы елдің өзге өңірлерінен келетін қатысушылар қатары артуда.


Ел халқының бірлігін жарастырып, ынтымағын нығайта түсетін мерекеде бас шаһарға қолөнер шеберлері де ағылды. Арнайы қанат жайған көрмеде бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқан түрлі этностардың мәдениеті таныстырылды. Астаналықтар мен қала қонақтарының назарына әр халықтың тұрмыс салты мен мәдени мұрасынан сыр шертетін сәндік қолданбалы бұйымдары ұсынылды.


– Достықтың қадасы қағылған құтты мекенге айналған қазақ жерінде төл тарихымыз, мәдениетіміз бен тілімізді сақтап, дамыту үшін бар жағдайлар жасалған.


– Көрмеде біздің қолөнер бұйымдарын қойдық. Яғни, бұл әсем дүниелердің бәрн шеберлеріміз өз қолымен жасаған. 120 жыл бұрын тоқылған мына қол орамал бүгінде құнды жәдігерге айналды.


Ал, түрлі шығармашылық ұжымдар құттықтауларын әсем ән-жырмен, мың бұралған билерімен жеткізді.  


Ислам Байрамов, Астана қ. «Хазар» Әзербайжан этномәдени бірлестігінің жастар қанатының төрағасы:


- Бұл мереке біздің күшіміз - бірлігімізде екенін айғақтайтын ерекше мейрам. Қазақстан - ол әр этнос өзін барынша таныта алатын, ұлттық дәстүрлері мен мәдениетін, әдет-ғұрыптарын сақтап, ана тілінде еркін тілдесіп, өзін жайлы сезіне алатын көпұлттың бірлігін жарастырған ел.

Мерекелік шаралар әуенді де әуезді кешке ұласты. Көрермендер танымал орындаушылардың өнерін тамашалады. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?