Суреттер сөйлейді: Президент Телерадиокешені ерекше жоба ұсынады

Суреттер сөйлейді: Президент Телерадиокешені ерекше жоба ұсынады

Президент Телерадиокешені Жеңістің 80 жылдығына орай тағы бір ерекше жобаны қолға алды. Kazinform ақпарат агенттігі фотомұрағатында сақталған соғыс жылдарындағы сирек суреттер жаңа технология көмегімен жанданды. Мәселен, мына сурет 1941-ші жылы түсіріліпті. Онда қазақтың қаһарман қызы Әлия Молдағұлова бейнеленген. Жалпы агенттік қорында 100 мыңнан астам фотосурет жинақталған. Олардың арасында еш жерде жарияланбағандары да бар. Өткеннің жұрнақтарын тірілткен бірегей жоба елдің теміржол вокзалдары мен әуежайларда орналасқан LED экрандардан көрсетіледі. Оның алғашқы көрмесі 5-ші мамырда Астанадағы «Нұрлы жол» вокзалында ашылады.


Нағашыбек Алдан, «Kazinform» агенттігі басқарушы директорының орынбасары:

- Жеңістің 80 жылдығына орай Екінші Дүниежүзілік соғыстағы біз ескі суреттерді жаңа технологияларды қолдана отыра тірілтуді қолға алдық. Ол дегеніміз, біздің халқымызға сол кездегі атмосфераны бүгінгі көзқараспен сезінуге мүмкіндік береді. Қарапайым қара түсті суретке қарағанда ештеңе сезінбеуі мүмкін. Ал, егер оны түрлі-түсті етіп, қазіргі заманға сай технологияны қолданып тірілткен кезде қарапайым адам дәл сол адамдардың да арманы болғанын, олардың да бір мақсаты болғанын, қарапайым өмір сүргісі келгенін сезіне алады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?