«Цифрлық» құжаттар енді танымал мобильді қосымшаларға енгізілді

«Цифрлық» құжаттар енді танымал мобильді қосымшаларға енгізілді

Қазақстандықтардың «цифрлық» құжаттары енді танымал мобильді қосымшаларға енгізілді. Бұған дейін оларды тек eGov Mobile қосымшасы арқылы ғана пайдалануға болатын. Бұл жөнінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі хабарлады. Аталмыш платформалардың мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінде әр қазақстандық өзінің жеке және жүргізуші куәлігін, екпе төлқұжатын, ПТР тестінің нәтижелерін, туу туралы және тағы басқа куәліктерін таба алады. Бас-аяғы 18 құжаттан тұрады.

Министрлікте атап өткендей, электрондық құжаттар –түпнұсқаның баламасы. Қазірдің өзінде оларды 10 миллионға жуық адам тұрақты түрде пайдаланады. Еске сала кетейік, цифрлық құжаттарды еліміздің барлық әуежайы мен теміржол вокзалдарында, сондай-ақ екінші деңгейлі банктер мен нотариустардан қызмет алу кезінде пайдалануға болады.

Авторы: Гүлбану Тәжібек