Лондонда өткен бесінші Еуразия кинофестивалінің Гран-при жүлдесі режиссер Марина Құнарованың «Ұлы дала зары» фильміне бұйырды. Картина 1920-1930 жылдардағы тарихи оқиғаларға негізделген. Фильм қазақтың сарапшылар мен көрермендердің жоғары бағасына ие болды. Ал Ақбөбек Толжанованың «Ұйқыдағы арудың оянуы» картинасы көрермен көзайымы жүлдесін қанжығасына байлады. Жорабек Мұсабаевтың «Үй» фильмі орыс тіліндегі ең үздік сценарий деп танылды. «Үздік жас режиссер» номинациясында шымкенттік Саид Әшірбаев «Таңдаулы» атты фильмімен жеңіске жетті. Қазылар алқасы қазақстандық картиналардың мазмұны терең әрі көрермендердің есінде қаларлық деп баға берді.