Қытайда коронавирустың Stealth Omicron штамы инфекцияның өрши түсуіне себеп болды. Эпидемиологтардың айтуынша, ол Omicron-ға қарағанда тезірек таралады. Тек 14 наурызда ғана аспанасты елінің ондаған қаласында COVID-19-дың 1 300-ден астам жаңа жағдайы тіркелді. Инфекцияның көп бөлігі Цзилинь, Шэньчжэнь және Шанхайда анықталды.
Айта кетейік, Қытай – әлемде коронавирусқа «нөлдік төзімділік» саясатын ұстанатын санаулы елдердің бірі. Яғни бұл – вирустың таралуын қатаң бақылау мақсатында локдаундар енгізу және инфекцияға шалдыққандармен байланыста болғандар үшін міндетті карантин шектеулерін ұстану.