Биыл Қырғызстан фермерлері бұрын-соңды болмаған жүгері өнімін жинайды

Биыл Қырғызстан фермерлері бұрын-соңды болмаған жүгері өнімін жинайды

Қырғызстанда дәнді дақылдарды жинау аяқталуға жақын. Тек жүгері ору ғана қалды. Фермерлер биыл оның түсімі өткен жылғы көрсеткіштен асады деп күтуде. Олардың айтуынша, мұндай көрсеткіш бірнеше жылдан бері болмаған. Егер бұрын бір гектардан 8 тонна жүгері жиналса, қазір - 10 тоннадан астамға жетті. Қазіргі кездегі басты міндет – суық түскенге дейін астықты жинау. Әйтпегенде бұл собықтардың сапасына әсер етуі мүмкін.


Ислам Каримов, фермер:


- Қыркүйектің аяғында біз шамамен жүгерінің 80%-ын жинадық. Қазір бізде шамамен 15 гектар жер қалды. Егінді сәтті жинауға үміттіміз. Бүгінде 300 тоннадан астам орылды және тағы 140-қа жуығы бар.


Жүгері дәні жиналып, тазартылғаннан кейін ылғалдылығына, құрамында ақуыз, кальций және басқа да микроэлементтерге бірнеше тексеруден өтеді. Егін жинау уақыты дәндерің салмағына әсер етуі мүмкін. Содан кейін жүгерінің бір бөлігі мал азығын дайындауға жіберіледі, ал екіншісі көктемге дейін себу материалы ретінде қалдырылады.

Авторы: Әсел Күшенғалиева

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?