«Қазақ геральдикасы» кітап-альбомы жарыққа шықты

«Қазақ геральдикасы» кітап-альбомы жарыққа шықты

Тамырын терең тартқан егеменді ел нышандарының тарихы  жан-жақты зерттелуі тиіс. Бұл жөнінде Елордада өткен ғылыми-тәжірибелік конференция барысында айтылды. Ғалымдар ғұн заманынан бері тасқа қашалған таңбалардың қазақ елінің елтаңбасына айналуының тарихи мән-маңызын тоқталды. Көне нышандардың сырын ғылыми тұрғыда ашудың жолдарын талқылады. Сондай-ақ, конференция аясында ежелгі нышандар мен таңбалар қамтылған «Қазақ геральдикасы» кітап-альбомы жарыққа шықты.

Асылбек Байжұмаұлы,  Геральдикалық зерттеу орталығының директор:

– Соңғы 3-4 ай бойы біздің көрмеміздің қызметкерлері және Қаржаубай Сартқожаұлы сынды ғалымдармен бірлесіп қазақ геральдикасы кітабын жазып шықтық. Мұндағы басты мақсатымыз тарихтағы таңбаларды сөйлету, яғни оны жас болашақ ұрпаққа жеткізу. Бұның ішінде біздің сонау ғұн заманынан бергі тасқа қашалып жазылған тарихи таңбалар бар және кейінгі  өңірлік таңбалар дейміз, әр облыс, аудандарда бар таңбаларға байланысты зерттеулер қамтылған.