Standard&Poor's халықаралық рейтингтік агенттігі Қазақстанның егемендік кредиттік рейтингі «BBB-/А-3» деңгейінде, болжам «Тұрақты» екенін растады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің мәлімдеді. Ведомство рейтингті қолдайтын маңызды факторлар ел экономикасының тұрақты фискалдық және сыртқы баланстары болып табылатынын атап өтті. Сонымен қатар баланстар тәуекелдерді басқаруда жеткілікті деңгейде. Бұл ретте таза мемлекеттік қарыз төмен деңгейде, ал елдің өтімді сыртқы активтері сыртқы күйзелістерден қорғауды қамтамасыз етеді. Жалпы, S&P болжамынша, алдағы 3 жылда Қазақстан экономикасы 4% деңгейінде өседі. Сарапшылар мемлекеттік кірістердің өсуіне салық саясаты мен әкімшілендіруді реформалау жөніндегі шаралар ықпал ететін болады деген пікірде. Сондай-ақ, ол экономиканы әртараптандыруға, мемлекеттің қатысуын қысқартуға көмектеседі.