Астана Халықаралық форумында су қауіпсіздігі мәселесі талқыланды

Астана Халықаралық форумында су қауіпсіздігі мәселесі талқыланды

Су қауіпсіздігі - Орталық Азия елдерінің орнықты келешегі үшін маңызды инвестиция. Аймақтың болашағы дәл осы ресурсқа тікелей байланысты. Аталмыш мәселе Астана халықаралық форумы аясындағы пленарлық сессияның бірінде талқыланды. Президент өз сөзінде климаттық дағдарысты шешіп алмай, дамудың мүмкін емес екенін айтты. Орталық Азия – климаттың өзгеруіне әлемдегі ең осал аймақтардың бірі. Еліміздің алға тартып отырған аймақтық дәрежеде келісілген климаттық шақыруы мұның шешімі бола алады.


Цюй Дунъюй, БҰҰ Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының бас директоры:


- Орталық Азияда суды ең көп қажет ететін ауылшаруашылығы саласы. Жерді ылғандандыру үшін суару қажет. Сондықтан, бұл мәселе ортақ дағдарыс қана емес, аймақтағы барлық елдің тағдырын шешетін жауапты әрі маңызды фактор. Су қауіпсіздігі – бұл бар күшіміз бен талабымызды бір арнаға тоғыстырып, сенімді, кемелденген келешекке қол жеткізуіміз бен тұрақты дамудың негізі.


Астана халықаралық форумы – бұл тек жаһандық маңызды мәселелер талқыланатын алаң ғана емес, халықаралық ынтымақтастықты нағайтудың жаңа бағыттарын іздеу жолы.


Қанат Бозымбаев, ҚР Премьер-Министрі орынбасары:

- Қазір көршілес елдерден бізге келетін суды барынша қолдана алу үшін, еліміздің мүддесін халықаралық келісімшарттармен нығайтуды көздеп отырмыз. 42-ге жуық жаңа су қоймасын саламыз, қолданыстағы 30 су қоймасын және 14 мың км суландыру арнасын жаңарту жұмыстарын жүргіземіз. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?