«Союз-5/Сұңқар» зымыранын ұшыру алдында кешенді тексеру жүргізіліп жатыр

«Союз-5/Сұңқар» зымыранын ұшыру алдында кешенді тексеру жүргізіліп жатыр

Отандық «Бәйтерек» ұшу алаңынан алғаш рет жаңа «Союз-5/Сұңқар» зымыран тасығышын жөнелту 2026 жылдың бірінші тоқстанына жоспарланған. Еске сала кетсек, жобаны Қазақстан мен Ресей бірлесе атқарады. Қазір мамандар ұшу кешенінің қырықтан астам жүйесіне кешенді тексеру жүргізіп жатыр. Жаңа зымыран құрастыру мен оған қажетті жерүсті инфрақұрлымын әзірлеуге жаңа технологиялар мен тың инженерлік шешімдер қолданылған. Жобаның қауіпсіздігі мен беріктігіне көз жеткізу мақсатында қосымша сынақтар өткізіп, жөнелту уақытын нақтылау туралы шешім қабылданды.

Айдын Айымбетов, «Бәйтерек» бірлескен кәсіпорынының басқарма төрағасы:

- Жұмыстардың барлығы дерлік аяқталды, мамандар арнайы оқудан және практикалық тағылымдамадан өтті, сондай-ақ жауынгерлік топтар кешенге қызмет көрсетуге дайын. Қазір зымыран тасығыш арнайы алаңда сақтаулы. Алдағы уақытта сынақтар аяқталған соң ол арнайы тасушы қондырғыға жүктеліп, ұшу алаңына жеткізіледі. Содан кейін, зымыранды вертикалды орнату жұмысы атқарылып, қосымша тексерулер жүргізген соң, ғарышқа жөнелтіледі.  

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?