Қазақстан ШЫҰ елдерін дәрі-дәрмек өндірісін жергіліктендіруге шақырды

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер денсаулық сақтау саласындағы бірқатар бағыттар бойынша күш біріктіреді. Атап айтқанда, жұқпалы емес аурулармен күрес, алғашқы медициналық-санитарлық көмекті одан әрі жетілдіру, саланы цифрландыру. Тиісті келісімге халықаралық ұйымға қатысушы елдердің медициналық ведомстволары министрлерінің жетінші кеңесінде қол қойылды.

Ақмарал Әлназарова, ҚР денсаулық сақтау министрі:

– Бүгін экологиялық жоспар мәселесі көтерілді. Бұл Арал теңізінің маңындағы тұрғындардың денсаулығы. Осы бағытта ДДСҰ бірлесе ауқымды жұмыс жүргізудеміз. Бүгінде үлкен жоба жасалды. Ол бойынша қазақстандық және өзбекстандық мамандар бірігіп, Арал теңізі маңындағы тұрғындардың денсаулығын толыққанды зерттейді. Бағдарлама 8 млн адамды қамтиды. Сонымен қатар технология алмасу және түрлі бағыт бойынша ғылыми-зерттеу жобаларымен бөлісуді көздейді. Сондай-ақ ғылыми кадрларды және денсаулық сақтау саласындағы кадрларды дайындауда да күш біріктіру керек.

Денсаулық сақтау министрі әріптестерін Қазақстанда дәрі-дәрмек өндірісін жергіліктендіруге шақырды.

Ақмарал Әлназарова, ҚР денсаулық сақтау министрі:

– Бұл – Ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Мемлекет басшысы аталған тақырып төңірегінде бірнеше рет сөз қозғады. 2029 жылға дейін отандық тауарлармен, атап айтсақ, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету деңгейін 50% дейін жеткізу – басты мақсатымыз. Яғни, ішкі қажеттіліктерді отандық өндіріс арқылы жабуымыз керек.