Шымкентте бүйрек трансплантациясы бойынша 200-ден астам ота жасалды

Шымкентте бүйрек трансплантациясы бойынша 200-ден астам ота жасалды

Шымкентте бүйрек трансплантациясы бойынша 230-шы ота жасалды. Науқастың доноры өзінің әкесі. Мейіржан Маденге жеті жыл бұрын бүйректің созылмалы ауруы диагнозы қойылған. Дәрі – дәрмекпен емдеу нәтиже бермей, соңғы айларда гемодиализге тәуелді болып қалған. Баласының азабын көрген әкесі оған жаңа өмір сүруге мүмкіндік беруді ұйғарды. Қазір екі науқастың да жағдайы жақсы.


Мейіржан Маден, Бүйрек реципиенті:


- Қазір шүкір, диализден құтылып, бүйрегімді ауыстырып, әйтеуір адам қатарына қосылғаныма. Әкеме рахмет екінші өмір сыйлап, дүниеге қайтадан әкелген сияқты болды сөздің шыны керек.


Нұрлыбай Мұсабеков, Бүйрек доноры:


- Денсаулығым құдайға шүкір жақсы. Бірінші аурухананың врачтарына рахмет. Баламда жақсы, жаман емес. Қанша дегенмен қорқыныш болды. Қазір жақсымыз. Соған қуанып жатырмыз.


Шымкентте мұндай хирургиялық операция алғаш рет 12 жыл бұрын жасалған. Қазір жергілікті хирургтарға тіпті шетелдік науқастар да сенім артады.


Сабитхан Байтеміров, №1 қалалық клиникалық аурухананың трансплантология бөлімінің меңгерушісі:


- Арнайы тексерілуден кейін біздің бөлімшеге жоспарлы түрде жатқызылды. Донор реципиенті әкесі. Генитекалық және де басқа да тексерулер бойынша сәйкестік анықталғаннан кейін операцияға жатқызылды. Опперация сәтті өткізілді.


Өткен жылы Қазақстанда барлығы 260 орган трансплантация отасы жасалды. Олардың басым бөлігі туыстық донорлардан алынған. Қазіргі уақытта елімізде бүйрек алмастыруға мұқтаж 3,5 мың адам бар. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?