Аралға
су беру жоспары 100% жуық орындалды. Жалпы 977 млн текше метр су жіберілді. Бұл
соңғы 5 жылда алғаш рет орын алды. Бұған дейін теңізге 350-400 млн текше метр
су келіп отырса, жыл соңына дейін тағы шамамен 500 млн текше
метр су жіберу жоспарланған. Қазіргі кезде
Солтүстік Арал теңізінің су көлемі 22 млрд текше метрге жетті.
Зейнолла Қазтоғанов, Арал-Сырдария Бассейндік инспекциясы
басшысының орынбасары:
- Арал теңізіне жазғы уақыттарда секундына 7-10 текше
метр түсетін. Ал, биыл вегетация кезінде секндына 60-70 текше метр су түсіп
тұрды тұрақты түрде. 10-11 есе артық су түсті.
Бұдан бөлек, Ақшатау-Сорғақ және Қамыстыбас көлдер жүйесіне 45 млн текше метр су жіберілді. Өз кезегінде бұл балық шаруашылығы мен туризімді дамытуға оң әсер етіп отыр. Мәселен, соңғы жылдары Арал теңізінің минералдануы азайып, балықтың көбеюіне жағымды әсер еткен. Сонымен қатар Су ресурстары және ирригация министрлігі Дүниежүзілік банкпен бірлесіп, Солтүстік Арал теңізін сақтау жөніндегі жобаның екінші кезеңін дайындауда. Ол Солтүстік Аралды тұрақты сумен қамтамасыз етуден бастап экономикалық және әлеуметтік жобаларды дамытуға дейінгі түрлі бағыттарды қамтиды.
Автор: Әсел Күшенғалиева