Қазақстандық оқушылар бұл аса күрделі IT қызметті жедел орындайтын арнайы тұғырнама ойлап тапты. Республикалық физика-математика мектебінің шәкірттері Арсен Қылышбек пен Владимир Борзенковтың осы бірегей өнертабысы жер жаһанға тараған алпауыт компаниялардың назарына іліккен. Жақында отандық жоба Microsoft-тің 550 мың доллар грантын ұтып алды.
Владимир Борзенков, жоба авторларының бірі:
- Бұл қаржыны жобаның дамуына, жаңа клиенттер тауып, ауқымын кеңейтуге бағыттаймыз. Алдағы уақытта қарапайым сайт құрудан толыққанды мобильдік қосымша, жалпы софт қызметтерін көрсететін тұғырнамаға айналдыруды жоспарлап отырмыз. Біздің платформаны пайдалану үшін ағылшын тілін білу жеткілікті. Бұл тек әзірге. Болашақта кез-келген тілде кіріп жұмыс жасау мүмкіндігін беретін функцияны қосамыз.
Арсен Қылышбек, жоба авторларының бірі:
- Ол кез келген адам үшін ашық әрі тегін бета үлгі. Тек оны көшіріп, тіркелу қажет. Үш айға дейін тегін қолдануға болады. Сол уақыт ішінде плотформаның мүмкіндін сынап көреді. Яғни, біз кез келген адамға өзі қалаған сайт құру мүмкіндігін беріп отырмыз. Қалаған ісін бастап кете алады. Енді өзіңді дамыту үшін тек идея болса жеткілікті.